АТА-АНАЛАР мен ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА
🛑 Жаңа оқу жылына арналған мектеп формасы📢📢📢
⚜️Мектеп формасына қойылатын талаптар
✅ Ата-аналар және басқа заңды өкілдерінің міндеттері:
- білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға («Білім туралы» ҚР Заңының 49-бабы, Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы &26 «Білім беру туралы. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы»);
- білім беру ұйымында белгіленген бірыңғай киім үлгісін сақтауға міндетті (Мектеп Жарғысы, Мектептің ішкі тәртіп ережелері).
Қыздарға арналған мектеп формасы:
- қара-көк түсті классикалық үлгіде костюм (пиджак, жилет, белдемше, шалбар, ақ және көгілдір түсті блузкалар; қыста водолазка мен түймелері бар кардиганды ауыстыра аласыз;);
Ер балаларға арналған мектеп формасы:
- қара-көк түсті классикалық үлгідегі костюм (пиджак, жилет, тобықты жауып тұратын шалбар, ақ және көгілдір жейделер);
- мектеп формасы діни конфессияның элементтерін қамтымауы керек (тақия, қысқа шалбар және т.б.);
-аяқ киім-классикалық үлгіде аяқ киім (қыста ауыстырылатын аяқ киім), дене шынықтыру сабақтарында - кедалар мен кроссовкалар.