1.“Әріп таңдау” ойыны.
Әр оқушы өзіне бір әріпті А. Ә. Б. В. Г. Ғ. Д. Е. тағы басқа әріптерді таңдап алады. Ойын басқарушысы: -Сен қандай әріпті алдың -А әрпін. Ойынды басқарушының берген сұрақтарына одан әрі тек А әрпінен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Сөздерді көп ойланып отырмай, тез айтуы шарт. Мысалы: -Сенің атың кім? -Асан. -Фамилияң кім? -Ахметов. -Қайда барасың? -Алматыға. -Немен барасың? -Автобуспен. -Онда не өседі? -Алма, алмұрт, апельсин. -Сені Алматыда кім қарсы алады? -Айман. -Оған сыйлыққа не әкелдің? -Айна, альбом, атлас. 2. «Кім шапшаң?» ойыны. Бұл ойын оқушыны жылдамдыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйретеді. Ой өрісін дамытады. Мұғалім бір дыбысты айтады. Мысалы: «Т» дыбысынан басталатын сөздерден сөйлем құрайды. Таудың табиғаты тамаша. Талғат, Таңшолпан, Темір, Таңат төртеуі тау табиғатын тамашалап, таңқурай терді. 3. Тек “С” дыбысынан басталатын жұмбақ. 1. Сұйық зат. 2. Зат есім немесе дене мүшесі. 3. Дақыл атауы. 4. Жемістің атауы. 5. Сан есім. 6. Жоғарғы оқу орнының оқушысы. 7. Өсімдік атауы. 8. Қазақтың ақын-жазушысы. С У С А Н С Ұ Л Ы С Ә Б І З С Е К С Е Н С Т У Д Е Н Т С А Р Ы М С А Қ С Е Й Ф У Л Л И Н 4. Әріптердің орнын ауыстырып, жаңа сөз жасау.
тары-арты ит-ти мысық-қысым лас-сал сырлы-ырсыл есек-кесе қасық-қысқа пышақ-қашып орақ-қора тарақ-қарат құс-сұқ 5. “Ойлан,тап” ойыны. Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөлеміз. Екі топқада бірдей сөз береміз. Бірақ сөзді көрсетпей жазады. Көп буынды, ұзақ сөзден жаңа сөз құрайды. Қай топ көп сөз жазса, ұпайы артады.
Ғарышкер Сарыағаш Ғарыш Шекер Ар Кеш Сары Ағаш Аға Шаш |