Күзгі балдың жүргізілуі туралы ақпарат
Жыл сайын біздің мектепте Күзгі бал өтеді, бұл жылы да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізілді. «Алтын күз ханшайымы» атты мерекесі әдемі безендірілген мектептің акт залында өтті. Оқушылар гүлдерден, күзгі жапырақтардан, көкөністер мен жемістерден түрлі-түрлі жасаулар жасап, «Күз сыйы» байқауы үшін мектеп фойесіне орналастырып қойды.Сынып жетекшілерімен дайындалған мереке түрлі викториналардан, ойындардан, билерден, сондай ақ байқау арасында әндер мен билерден тұратын музыкалық нөмірлерден тұрды.Байқауға 5-9 сынып оқушылары қатысты. Байқаулар: «Поэтикалық», «Күзгі қиял», «Би конкурсы», «Хозяюшка», «Театралдық». Әрбір байқауда әр қатысушы көзге түсті, бірақ ең қызықтысы музыкалық байқау болды, онда оқушылар әдемі әндер орындап, көрермендердің көңіл күйлерін көтерді. Ал 8-9 сынып оқушыларының қойылымынан кейін көрермендер орындарынан тұрып қол соғып, қолпаштады. Ең қиыны әділқазылар алқасына жүктелді, себебі барлық оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. 8 сынып оқушысы Наубетова Данара «Күз ханшайымы-2017» атанды. Қалған оқушылар номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды.
Мереке, артынан қуанышты сәттер мен естеліктер сыйлап, тез арада өтіп кетті.