«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Степное ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Степное отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

           

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.11.2017

НАЗАР!

Айнадай жылтыраған мұз айдында немесе су айдынның тік жарынан шаңғымен сырғанаған қандай тамаша! Бірақ мұндай сырғанақ қауіпті

болуы мүмкін, әсіресе сол жер белгіленбеген немесе зерттелмеген болса. Өйткені қар астындағы мұз, ашық жердегі мұзға қарағанда, өте жұқа болады, сонымен қатар мұзда жылымдар мен ойықтар болады. Бұл жағдай қайғылы оқиғаларға әкеліп соғуы мүмкін.

Егер де Сіз біреудің апатқа ұшырағанын көрсеңіз, 112 телефон арқылы құтқару қызметін шақыртып, зардап шеккенге көмек көрсетіңіз. Көмек көрсете отырып, келесі ережелерді сақтаңыз:

- мұз сынған жерге еңбектеп жақындаңыз, өйткені өзіңіз мұз астына түсіп кетуіңіз мүмкін;

- құтқарған уақытта жақын жерде жатқан тақтайша, бұтақша, шаңғы, шана немесе басқа затты пайдалану керек. Осы заттардың біреуін алдыңызға салып, еңбектеп барып, мұз сынған жерге 3-4 метрге дейін жетпей, зардап шеккен адамға созыңыз. Содан кейін оны судан тартып, жағаға немесе мықты мұздың үстіне шығарыңыз;

- мұз астына түсіп кетсеңіз, дереу көмекке шақырыңыз. Көмек келгенше дейін тыныштық сақтаңыз, абыржып, суда тырбаңдамаңыз. Кеудеңізбен мұз шетіне сүйеніп, жағаға қарай немесе қауіпсіз жерге қарай жылжып көріңіз.

Күзгі мұз қату – өзен, көлдер мен су айдындарындағы алғашқы мұздың қатуы. Алғашқы мұз конькимен сырғанауға, балық аулауға ғана емес жолды қысқартып, сықырлақ мұздың үстімен шүруге де шақырып тұратын сыңайлы.

Әйтсе де, алғашқы мұз тек сырт көзге ғана бекітініп қатқан болып көрінеді. Шын мәнінде, ол жұқа, қауіпсіз емес және адам салмағын көтере алмағандықтан өте қауіпті болып табылады.

Қалалық Суда-құтқару қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына күзгі жұқа мұздың қауіптілігі жайында ескертеді.

ҚАЙҒЫ-ҚАСІРЕТКЕ ҰШЫРАМАС ҮШІН НЕ ЖАСАУ КЕРЕК

Мұздың қатуы кезеңінде қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, мұздың бетіне шығуға, оның үстінде ойнауға, балық аулауға тыйм салынады. Мұздың қалыңдығы 10-12 см-ге жеткен кезде ғана оның бетіне шығу қауіпсіз болатындығын есте сақтау қажет. Сондай-ақ, мұздың беті қармен жабылған жерлермен жүрмеуге тырысқан абзал, себебі ондай жерлерде мұз әлдеқайда баяу қатады.

Кей жағдайларда су айдынының бетіндегі мұздың қалыңдығы 10 см-ді құраса, ал қардың астында қалыңдығы 3 см-ді құрайды. Бұлақтың басы бар немесе су айдынына басқа да жылы су көздері құйлатын жерлерде мұздың бетіне шығуға қауіпті. Бұндай жерлерде мұз өте баяу қатып, қыс мезгілінің өзінде қауіптілік төндіреді.

Есте сақта, мұздың қауіпсіз қалындығы келесідей: - бір адам үшін – 8 см; - бір топ адам үшін – 15 см; - мұз айдынын және ойын алаңдарын құрастыру үшін – 30 см кем емес (сонымен бірге, мұз айдынының көлеміне, сырғанап жүрген көпшілігіне және су қоймасының тереңдігіне байланысты құтқару қызметімен келісілген мұз айдынына түсетін салмақты қосымша есептеу қажет).

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст