Текст
Салауатты өмір салты
Денсаулық – бұл жақсы физикалық жай-күйі, жақсы, көтеріңкі көңіл-күй. Ең бастысы, дені сау және мейірімді болу. Әлемнің барлық ғалымдарыадамға ауырмай қалай көмектесуге болатынын, жақсы денсаулықты сақтап қалуды ойластырады, сондықтан да олар біз үшін СӨС жоспарын құрастырды. Бастауыш сынып мұғалімі О.Н.Мазурок балаларға арнап, "Салауатты өмір салты – біздің мақтанышымыз" атты ұранымен СӨС саяхат ұйымдастырды. Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының денсаулығы және салауатты өмір салты жөніндегі білімін жүйелеу. Балалар "Гигиена", "Тістер", "Күн тәртібі", "Көру", "Қозғалыс", "Тамақтану". станцияларында болып қайтты. Қорытындылай келе балалар "Менің денсаулығым – менің қолымда" деген ұйғарым шығарды.