Текст
29 маусым – Қайырлы істер күні. Бүгін біз үй жануарлары туралы әңгімелестік, мысықтардың өмірі туралы көптеген қызықты мәліметтерді білдік, Kiss-press газетін шығардық. Содан кейін біз экологиялық десант ұйымдастырдық – өзен жағасының кішкене бөлігін тазаладық, бірақ қоқыс көп болды. Біз достармен табиғаттағы өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы сөйлесуді жөн көрдік. Табиғаттағы тазалық – жан тазалығы. Бұл күнді пайдалы өткіздік, өзенде жүргенімізді басқа жігіттер байқап қалды, олар да жағаны тазалауға қосылды.