Текст
Алғыс айту күнін мерекелеуге орай «Степное атындағы ОҚШҰ» КММ-де «Бәрі үшін рахмет» акциясы өтті. Бұл шараның мақсаты – ортақ тарихқа негізделген көпұлтты Қазақстанның бірлігін нығайту, сақтау және дамыту, қазақтар мен барлық этностардың бір-біріне қолдау көрсетуі арқылы басынан өткен ортақ қиындықтарды еске түсіру. Оқушылармен «Рахмет айтамын» тренингі өткізіліп, балалардың бойына адамгершілік қарым-қатынасқа, айналадағыларға жауап бере білуге тәрбиелеуге ықпал етті. 1-6 сынып оқушылары «Алтын күн аспаны» әнін орындады. Барлық сыныптар ризашылықпен буклеттер дайындап, стендке қуана қойды.