03.04.2026
«Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында фильмдер көру және талқылау
Мектебімізде «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында «Хулиганка» және «Не книжная закладка» фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Фильмдерді тамашалағаннан кейін оқушылармен белсенді талқылау өтті. Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, әсерлерімен бөлісті және мінез-құлық нормаларын сақтау мен өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы қорытынды жасады.
Сондай-ақ, фильмдерде көтерілген мәселелерді түсіну деңгейін және оқушылардың көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Іс-шара құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сыни ойлауды дамытуға және заңға бағынудың маңызын түсінуге ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DWlA6hoje5L/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==