«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Степное ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Степное отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

           

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астана күні-Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі

05.07.2022

Қала туған күнін "Нұр - сұлтан - бейбітшілік пен келісім қаласы"ұранымен атап өтеді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы астанасы Алматы қаласы болды. 1994 жылғы 6 шілдеде Республиканың Жоғарғы Кеңесі астананы Ақмолаға көшіру туралы қаулы қабылдады. Астананы көшіру туралы түпкілікті шешімді Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы қабылдады. Ал 1998 жылғы 6 мамырда Президент Ақмоланы Астана деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.

 

   Нұр - Сұлтанда Астана күні қала елорда мәртебесін алған сәттен бастап атап өтіле бастады. Бастапқыда мереке 10 маусымда атап өтілді. 2006 жылы қала күнін 6 шілдеге ауыстыру туралы шешім қабылданды.

 

   Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті енгізген "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы "Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, оған сәйкес "Астана күні — 6 шілде"жаңа мемлекеттік мерекесін белгілеу көзделді. Мәжіліс комитетінің қорытындысында бұл мерекенің халық үшін тарихи-мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы жетістіктерінің символы болып табылатыны айтылды.

Просмотров: 175


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст